Халықаралық Мирас мектебі
Miras International School, Almaty
Батыргереева Гульмира Кушеналиевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пәні/Course Kazakh B 6 сынып (орыс және ағылшын тілде оқитын сыныптарға арналған)
Тарау /Unit: Отбасы және тәрбие
Тақырып/Topic: Ыбырай Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесі бойынша мәтінмен өзіндік жұмыс.
Жаһандық контекст: Ұқсастық және өзара қарым-қатынас
Негізгі концепция: Қарым-қатынас
Пәндік-мақсаттық концепциялар: Мән,мақсат.
Пәнаралық байланыстар: Өзін-өзі тану, қазақ әдебиеті
Зерттеу тезисі: «Отбасы – Отанның ошағы, қоғамның берік қорғаны».
Зерттеу сұрақтары: «Тәрбие – тал бесіктен басталады».
Білім алу жолдары / Approaches to learning
Ұйымдастырушылық: Берілген жұмысты уақытында өткізу.
Өзін-өзі бақылау: Алдыға қойылған мақсатқа жету, нәтижесін бағалау.
Сауаттылық: Көркем шығарма жазудағы тілдік құралдарды білу және қолдану. Әңгіменің негізгі ойын, тақырыбын анықтай алу машықтарын қалыптастыру.
Ойды жеткізе білу: Тақырып ашу үшін керекті нақты ойды іріктеп ала алу.
Бағалау: D ұстанымы – тілді ауызша және жазбаша түрде қолдану;
В – ұстанымы – жазбаша және визуальді мәтінді көріп,түсініп оқу және түсіндіре алу.
Фаза (Phase) 2
Тапсырманы орындауға берілетін уақыт: 40 минут
Бақша ағаштары
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.
№ |
мазмұны |
жауабы |
1 |
Мәтін не туралы? |
|
2 |
Мәтіннің негізгі идеясын жазыңыз |
|
3 |
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы. «Бағу – қағу» дегенді қалай түсінесіз? |
|
4 |
«Сен жас ағашсың саған да күтім керек» деген сөздің суретпен қаншалықты байланысты екенін жазыңыз. |
|
5 |
« Түзік кісі» деген кім? |
|
6 |
«Қисық кісі» деген кім? |
|
7 |
«Адам болатын бала алысқа қарайды» деген мақалдың мағынасын түсіндіріңіз. |
|
Мейірім 4сынып
өте керемет жазылған